Тұңғыш Президент күні қарсаңында ШҚМТУ-да Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында студент жастардың қоғамдық ғылыми көзқарасын қалыптастыру атты дөңгелек үстел өтті. Онда «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері «Сәтті қадам» жобасының тұсауын кесті, ШҚМТУ жас ғалымдар кеңесінің төрайымы М.Кәрібаева, әлеуметтік даму және тәрбие департаментінің директоры Б.Злобин, жастар ісі комитетінің төрағасы А.Баукенов, студент А.Нұрланов, магистрант Б.Қондыбаев сөз сөйледі.

Университет ректоры Нұрлан Темірбеков дәстүрлі «Инновация 2013 «Таңдаулы Инновациялық жоба» конкурсының жеңімпаздарына марапаттар табыс етті. Бас бәйге «Алтын грифон» М.В.Мурзинге, «Күміс грифон» А.А.Болтабаеваға, «Қола грифон» А. Е. Ерұлановаға берілді.