Қарашаның аяғында  Назарбаев Университетінің делегациясы ШҚМТУ-да Өскемен мектептерінің болашақ түлектерімен кездесті. Делегацияны ҚР Ғылым академиясының мүше - корреспонденті, профессор Н.М.Темірбеков қарсы алды. Меймандар университетпен танысты.

-Университеттің зертханаларын, қондырғыларын көріп, ғалымдарымен, оқытушыларымен, магистранттарымен, докторанттарымен танысып, студенттерге жасалған жағдайға таңғалдық, - деді «Астананың Жаңа  университеті» АҚ-ның вице - президенті Хадиша Нұрдолдақызы Даирова.

Кездесу барысында оқушылар Назарбаев Университетінің тарихымен,оның негізгі мектептерімен танысып, сұрақтарына жауап алды.