Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бүлдіршіндерге және жасөспірімдерге арналған Жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырды.

EKTU.Otbasy – ырыс-ынтымақ аймағы *Well being жобасы аясында жоғары оқу орнының профессорлық оқытушы құрамы, қызметкерлері, ұжымы балаларына арналған мерекелік шара өтті.

Іс-шараның басты қонақтары - балаларға арналып квест ұйымдастырылды. Балалар «Гарри Поттер» әлемін тамашалады. Әдеттегі университеттің қатаң ғылымынан тысқары, бірақ, ілім әлеміндей таңғажайып сұрақтар қойылды. Жас тапқырлар сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ересектер ескере бермейтін жұмбақтарды шешті.

«Бала күлсе, бақыт құлағын түреді». Университетте орын алған іс-шараға орай, барлық ата-аналарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызда бақ береке орнап, Жаңа жылда жаңа шаттыққа толы күйге бөлене беріңіздер!