Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткен студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференциясында «Инновация-2015» байқауы бірінші турының қорытындысы шығарылды. Таңдаулы инновациялық идея үшін мына жобалар дипломдармен марапатталды:

1. «Изотоптарды ядролық мембраналар көмегімен бөлудің инновациялық тәсілі». Авторы - «Техникалық физика» мамандығы бойынша бакалавр, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Техникалық физика» кафедрасының ғылыми қызметкері Александра Мякинина (ғылыми жетекшісі - ШҚМТУ профессоры С.В. Плотников).

2. «Микроаналитикалық деңгейде алтынды джаспероидтардың заттық құрылымының ерекшеліктерін зерттеу (Батыс Қалба)». Авторы - ШҚМТУ-дың 2 курс магистранты Татьяна Ойцева. (Ғылыми жетекшісі - ҚР ҰҒА академигі, геология - минерология ғылымының докторы, ШҚМТУ профессоры Б.А.Дьячков).

3. «Ұзартпалы кешенді органо-минералды тыңайтқыштарды талдап - жасау». Авторы - ШҚМТУ-дың 1-курс магистранты Ксения Никифорова. (Ғылыми жетекшілері - биология ғылымдарының докторы, ШҚМТУ профессоры А.Л.Воробьев, ауылшаруашылық ғылымының магистранты, ШҚМТУ оқытушысы С.С.Лутай).

4. «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып жердегі өсімдіктерге және техногендік құрылымдарға тексеру жүргізу». Авторы - ШҚМТУ-дың «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бакалавры Егор Григорьев. (Ғылыми жетекшісі - техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ-дың ғылым және инновациялық даму департаментінің директоры - Д.Н.Титов).

5. «Пайдаланудағы ғимараттардағы тас конструкциялардың сенімділігін анықтау». Авторы - құрылыс материалдары, стандарттау және кәсіптік оқыту кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты Евгений Герасимов.