Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Монғолия, Қырғызстан және Россияның 1200-ден астам жас ғалымы қатысты.
Шараны ашқан университет ректоры Нұрлан Темірбеков бүгін қазақстандық ғылымды дамыту мен оған қолдау жасау мемлекеттің басты міндеті болып отыр деді. Конференцияға қатысушыларды облыстық әкімдіктің, облыстық білім беру басқармасы мен «Дарын» орталығының өкілдері құттықтады.
Пленарлық мәжілісте бес баяндама жасалды. Онан соң конференция сегіз бағыттағы секцияларда жалғасты. Конференция жабылуында ШҚМТУ декандары сөз сөйледі. Конференция аясында «Инновация» - таңдаулы инновациялық идея байқауы бірінші турының қорытындысы шығарылды. Шара қорытындыланып, конференцияға қатысушыларға дипломдар берілді.