2 курс 21-СТ-1к, 22-СТ-2к тобының студенттері оқытушы Омартаева А.Еның жетекшілігімен «Қамқор» қарттар үйіне барды. Шараның мақсаты - қазақ жастарын адамгершілік қасиеттерге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқушылар концерттік бағдарлама дайындады. Әжелер әнді ықыласпен тыңдап, өздеріне қосыла шырқады.
Қарттар үйінің атмосферасы жастардың жүрегін елжіреткен. Студенттер аға буынмен тез тіл табысып кетті.Жігіттер зейнеткерлердің бос уақытын өткізетін бөлмелері мен орындарын да аралады. Студенттер қарттар үйінде осындай жылы атмосфера орнағанын, олар үлкен тату отбасына қонаққа келгендей сезімде болғанын атап өтті.
Студенттеріміз мұндай жандарға көзі тірісінде жаны аши білу, жанашырлық таныту, қол ұшын беру, оларға қиын кезде қолдау көрсету керек, өз әжең немесе атаң болу міндетті емес деген қорытындыға келді. Бізді дәмді түскі аспен тамақтандырғаны үшін әкімшілікке мың алғыс.