"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді.

"Атамекен" ҰКП жоғарғы оқу орындарын 19 критерий бойынша бағалайды, олардың негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, медианалық жалақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың сапасы, бағдарламалардың өзектілігі.

Рейтингті қалыптастыру барысында 119 білім беру бағдарламасы (мамандық) қамтылды, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бағаланды, 81 393 түлек талданды, 200-ден астам салалық сарапшы тартылды, нәтижесінде 97 ЖОО бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Бизнес мектебі барлық бағыттар бойынша үздік 15 қазақстандық білім беру бағдарламасының қатарына енді.

"Бизнес және басқару"-дың дәстүрлі бағыты - бұл бәсекелестіктің өте жоғары сегменті, еліміздің барлық жоғары оқу орындарында және әр өңірде "Экономика және менеджмент", "Қаржы", "Маркетинг және жарнама", "Есеп және аудит" бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары бар.

Соған қарамастан Бизнес мектебі өзінің бәсекеге қабілеттілігін растады және келесі позицияларды иеленді:

  • Мемлекеттік қаржы менеджменті - ҚР-ның 50 ЖОО арасында 7 орын;
  • Ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржысын басқару - ҚР-ның 62 ЖОО арасында 10 орын;
  • Кәсіпорындарды есепке алу, талдау және аудит - ҚР-ның 60 ЖОО арасында 12 орын;
  • Экономика және менеджмент - ҚР-ның 53 ЖОО арасында 15 орын.

Барлық студенттер мен әріптестерімізді құттықтаймыз, бұл бірлескен жемісті жұмыстың нәтижесі деп білеміз!

Жетістіктеріміз еселене берсін!