"DIGITAL SOCIAL RESEARCH" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары 25 жылдан астам уақыт бойы ШҚО ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері бола отырып, өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту және этнодемографиялық процесстерді зерттеу саласындағы сарапшылар ретінде әрекет етіп келеді.
Көптеген жылдар бойы (2012 жылдан бастап) Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының базасында "Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту" жобасы іске асырылуда. Осы қызмет аясында ШҚО жастары үшін 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Жалпыадамзаттық гуманитарлық құндылықтар негізінде қазақстандықтардың жаңа буынын мәдениетаралық келісім рухында тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен материалдар жинақтары жүйелі түрде жарияланып келеді.
2024 жылы облыс жастары мен шекаралас аймақтар үшін "Сындарлы диалог мектебі" халықаралық сессиясын, сондай-ақ Карл Поппер форматында "Жастар Ассамблеясы" Республикалық жастар дебатын өткізу жоспарланған.
Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлері жастарды белсенді әлеуметтік пікірталастар мен жобаларға тарта отырып, өздерінің ағартушылық және тәрбиелік қызметін жалғастырады.
"DIGITAL SOCIAL RESEARCH" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы