Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің 2 курс студенті Бондарчук Михаил Борисовичті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінде иеленген жүлделі 3-орнымен шын жүректен құттықтаймыз!

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 15-тен астам жоғары оқу орны қатысты. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті де тиісті білім беру бағдарламалары бойынша өз командаларын лайықты деңгейде таныстырды.

Михаилға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Қалған қатысушыларға да белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз — жинақталған тәжірибе болашақ жеңістерге бастар маңызды қадам болмақ. Осы жетістіктермен тоқтап қалмай, алға нық қадам басыңыздар!