Бүгінгі "Буллинг және онымен қалай күресуге болады" атты демо-тренингте біз маңызды, өзекті тақырыпты, яғни студенттердің арасындағы буллинг, зорлық-зомбылық және қатыгездік тақырыбы талқыланды.
Буллинг ағылшын тілінен аударғанда-бұзақылық, дөрекілік, қысым көрсету, қорлау,келемеждеу, кемсітушілік ретінде анықталады. Бұл ұжым мүшелерінің белгілі бір адамды басқа адамның немесе топтың агрессивті түрде қудалауын қамтитын зорлық-зомбылық түрлерінің бірі.
Буллинг салдары әртүрлі болуы мүмкін. Олардың құрбандары көп және ауыр зардаптар шегеді. Оларға өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, нашар ұйқы мен тәбет, алаңдаушылық, алкогольді тұтыну, темекі шегу, суицид туралы ойлар және т.б. тән болып келеді.
Сонымен, көріп, байқап жүргеніміздей, буллинг құбылысы жиі кездеседі, бірақ біз шетте қалмай оны тоқтата аламыз. Өйткені бүгін сен бақылаушы болсаң, ертең құрбан болуың.
СЕНІМ ТЕЛЕФОН:
WhatsApp: +7 7014712905, +7 776 474 9697
Біз кепілдік береміз:
Анонимділік: Өзіңіз туралы қажет деп санайтын нәрсені айтыңыз. Сіздің шын атыңызды айтпауға құқығыңыз бар.
Құпиялылық: Біз сөйлесулерді жазбаймыз немесе чат байланыстарын сақтамаймыз. Консультант сіз айтқан немесе жазған барлық нәрсе кеңесші мен чатта қоңырау шалған немесе жазған адам арасында қалатынына кепілдік береді.
Құрмет: Сізді мазалайтын нәрсе әңгіме барысында кеңесші үшін маңызды болады. Біз әрбір өтінішке мұқият және тиянақты болуға тырысамыз.
"БІЗ СІЗГЕ ҚИЫН БОЛҒАН КЕЗДЕ ЖАНЫҢЫЗДА БОЛУҒА,ТҮСІНУГЕ ЖӘНЕ КӨМЕКТЕСУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ"
Жоғарғы IT- колледж Педагог-психологы:
Ергасымова Дильназ Бакытовна