Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ тілдік құзыреттілік орталығы жанындағы "Абай" және "А. С. Пушкин" клубтарының мүшелері Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасына барды. Онда О. Б. Букачтың шығармашылығымен танысуға арналған "Мәңгілік махаббат" атты өлкетану кітабы күні өтті. Олег Борисович Өскеменде ұзақ бойы тұрып, оқу оқып, қызмет атқарды, қазір Мәскеуде тұрады. Ол Ресей Жазушылар одағының мүшесі, "Әдеби өзгеріс" халықаралық байқауының "Проза" номинациясы бойынша бірінші сыйлықтың иегері, қырық жылдан астам уақыт орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Олег Букач мектеп, балалар, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша саяхаттары туралы жазады. Осындай жұмыстардың бірі - 2018 жылғы " Шығыс Қазақстан туралы зерттеулер" туындысы.

Университет пен кітапхананың ынтымақтастығы студенттердің рухани дамуына үлкен үлес қосады. 1 курс студенттері бүгінгі кездесуден көптеген жаңа және қызықты ақпараттармен сусындап қайтты.