1 ақпан күні Басқарма Мүшесі - Бірінші Проректоры Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлының төрағалығымен «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да сауалнама жүргізудің мазмұнын, нысаны мен уақытын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да сауалнама жүргізу жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында менеджмент жүйелері орталығы бастығының міндетін атқарушы Д. Е. Мельник; "DIGITAL SOCIAL RESEARCH" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының (DSR) бас ғылыми қызметкері Э. О. Столярова; Ақпараттық технологиялар департаментінің цифрлық офицері Н. Ф. Денисова тыңдалды.
Сондай-ақ, отырысқа университеттің ПОҚ және білім алушыларының өкілдері белсенді қатысты. Қатысушылар сауалнама жүргізудің маңыздылығын атап өтті, проблемаларды белгіледі және оны шешу жолдарын ұсынды.
Отырыс соңында «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» (DSR) халықаралық ғылыми-зерттеу орталығымен және академиялық қызмет басқармасымен бірлесіп, Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасына сауалнамаға болжамды көзқарас пен ағымдағы жай-күйіне (барлық айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып) салыстырмалы талдау жүргізу бекітілді.