Қалдықтарды кешенді қайта өңдеу жүйесін (пластик, қағаз, органикалықзаттар) құру бойынша «Recycling inside» ШҚТУ «жасыл» жобасын іске асыру шеңберінде 3D принтерге арналған филаментке пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу жөніндегі машина іске қосылды. Бұл өндіріс орны пластикті қайта өңдеу бойынша студенттік«Репластик» стартапы болып табылады және оған ШҚТУ қолдау көрсетеді.Студентке жұмыс істеу үшінэкология және қоршаған ортаның өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша құзыреттілік орталығының зертханасында орын берілді.Машинаны студент Open Source технологиясы арқылы құрастырды, бірақ барлық құрамдас бөліктер өз бетінше таңдалды, баптауды мен мен іске қосуды да студент жүзеге асырды. Филаменттің алғашқы үлгілері алынды, олар жақын арада 3D принтерде басып шығару үшін сынақтан өтеді.

https://storage.ektu.kz/nextcloud/index.php/s/yrFHbTReTqEEnBp