Аяқталған 2023-2024 оқу жылын қорытындылай келе, 27 мамырында «Жасыл университет» екінші онлайн семинары өткенін атап өткен жөн. 2023 жылдың көктемінде осы диалог алаңын алғаш рет ұйымдастыра отырып, біз семинар жоғары оқу орындары мен басқа да ұйымдар арасында жыл сайынғы және сұранысқа ие іс-шараға айналады деп күткен едік.

Бұл жолы семинарға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия және Индонезия сияқты бес елден 50-ден астам қатысушы тіркелді. Семинар Қазақстанның жетекші экологиялық ұйымдарының спикерлерін біріктірді: «ECOJER» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы жәнеALE «Жасыл экономика және G-Global Даму Коалициясы». ШҚТУ-дан басқа ЖОО-лар РХДУ, Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университетінің (ПҰЗПУ), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің спикерлері болды. Семинарды UI GreenMetric Халықаралық рейтингінің вице-төрағасыдоктор Джунайдидің баяндамасы ашты. Доктор Джунайди және UI GreenMetric рейтингінің тобы осы рейтингке қатысу үшін мүмкіндігінше көп жоғары оқу орындарды тарту және өз ұйымдарының іс-әрекетінде ТДМ жүзеге асыру мақсатында біздің университетке екінші рет қолдау көрсетуде.Семинар спикерлерінің барлық баяндамалары университеттердегі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға, көміртегі ізін азайтуға, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәселелерін шешу нұсқаларына, энергия үнемдеуді арттыруға және жоғары оқу орындарының «жасыл» саясатына қатысты академиялық мәселелерге арналды.

Семинардың барлық спикерлері мен қатысушылары сертификаттар алды.Әріптестер университеттерде ТДМ саласындағы өз жобалары мен бағдарламаларын ұсынып,қатысушылардың көңілінен шығып, қолдау тапты.