Өмір бойы білім алу - бұл адамның бүкіл өмірінде болатын үздіксіз оқу және даму процесі. Ол жаңа білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді игеру.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қарт адамдарға арналған және өмір бойы оқытуды қолдауға бағытталған "Күміс университеті" жобасы іске асырылуда. Ересек тұрғындарды өмір бойы оқытуға тартудың мақсаты - жеке әлеуетін дамыту және олардың қоғамға белсенді қатысуы.

Неліктен оған ересек тұрғындарды тарту маңызды? Өмір бойы білім алу арқылы егде жастағы адамдар өз дағдыларын дамыта алады, көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерін байыта алады. Сонымен қатар, бұл жеке тұлғаның дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл адамдарға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. "Күміс университет" жобасы зейнеткерлерге тілдік дағдыларды жетілдіруге, қаржылық және құқықтық білім алуға, электрондық портал сервистерімен және басқа платформалармен жұмыс істеуді үйренуге, физикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Өмір бойы оқу жеке және кәсіби дамудың, сондай-ақ қоғамдық өмірге қатысудың маңызды құралы болып табылады. Бұл адамдарға кез-келген өмірге жылдам бейімделуге өз ықпалын тигізеді.