27 сәуірде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-да  9-11 сынып оқушылары арасында сызу пәні бойынша қалалық олимпиада өтті. Іс-шараны университеттің "Сәулет және дизайн" кафедрасының оқытушылары, Мансап орталығының қызметкерлері және кәсіби бағдарлау бөлімі ұйымдастырды. Олимпиадаға Өскемендік және ауылдық мектептерден 80-ге жуық оқушы қатысты.

Өскемен қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына күрделілік деңгейі жоғары тапсырмалар берілді. Еске салайық, бұл пән қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына кірмейді, дегенмен өндіріс саласында жұмыс істейтін мамандар үшін қажет білік.

Оқушылардың жұмыстарын университет оқытушылары, «Сәулет және дизайн» кафедрасының оқытушылары М.Чалкенов, О.Гурская, М.Кожуховская және Мансап Орталығының директоры К.Сайполлаұлы мүшелік еткен комиссия бағалады.

Олимпиада нәтижелері:

9-сыныптар

1-орын Кристина Клестер (№37 орта мектеп)
2-орын Алина Шевелева (№10 орта мектеп)
Всеволод Солдатенко (№10 орта мектеп)
Никита Прохоров («Исток» орта мектебі)
3-орын Радмила Гожеман (№10 орта мектеп)
Балнұр Абаева (ДБАОММЛИ)
Мөлдір Әділханова (Жанаталап орта мектебі)
Софья Якубская (№10 орта мектеп)
Нұрғыбек Дәулет (ДБАОММЛИ)

10-сыныптар

1-орын Лаура Зайнелова (№10 орта мектеп)
2-орын Рашид Турсынханов (Ш. Уалиханов ат. орта мектеп)
Әліби Рамазанов (ДБАОММЛИ)
3-орын Нұрбек Ғасырбек
Смагулова Уміт (Ахмер орта мектебі)

11-сыныптар

1-орын Галина Ляпунова (№17 орта мектеп)
2-орын Анастасия Осенина (№10 орта мектеп)
Ахаева Ангелина (№34 орта мектеп)
3-орын Павел Скулкин (№24 орта мектеп)
Речкина Руслана (№18 орта мектеп)
Камбаров Наиль (№42 орта мектеп)

Барлық қатысушылар сертификаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі