Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Лилия Викторовна Столярова «Құрмет» орденімен марапатталды.
Лилия Викторовнаны шын жүректен мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз!