Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсының қорытындысын хабарлады. 2014 жылы конкурсқа Қазақстанның 90 ЖОО-нан 545 адам қатысты. Конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының үздік педагогтары анықталды. Олардың қатарына Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің екі оқытушысы енді!

«ЖОО үздік оқытушысы» құрметті атағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ақпараттық технология және энергетика факультетінің екі оқытушысына берілді: физико-математика ғылымдарының кандидаты, «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі Александр Баклановқа және техника ғылымдарының кандидаты, «Математика және компьютерлік үлгілеу» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Рахметуллинаға.

Басшылық және ұжым конкурс жеңімпаздарын құттықтайды және оларға ғылыми- педагогикалық қызметте одан әрі шығармашылық жетістіктерге жете беруді тілейді.