День Конституции Республики Казахстан!

Қазақстан Республикасының Конституциясы халқының еркін және әділетті қоғамда өмір сүруге ұмтылуына, мемлекеттік бірлікті сақтауға, ата-баба дәстүрін пір тұтып, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге айқын бағдар алған.

Бүгінгі таңда, Отанымыздың гүлденуі мен көркеюі үшін қазақстандықтардың көптеген жылдар бойы төккен терін өзіміздің еңбегіміз бен қоғам өміріне белсенді араласуымыз арқылы сақтауға міндеттіміз.

Құрметті әріптестер, студенттер! Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ұжымы барлығыңызды аталған мерекемен құттықтап, шынайы шаттық тілейді. Болашаққа сенімділікпен қарап, жыл сайын тойлайтын мейрамымыз көбейе берсін. Сіздердің және жақындарыңыздың отбасында бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық болсын деген ниеттеміз.  

Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 жылдық мейрамы құтты болсын!!!  

Cурет http://dmastana.kz/ сайттан