Білім күні барлығымыз үшін ерекше мейрам. Осы атаулы күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің бірінші курс студенттерін ерекше құттықтағымыз келеді. Алдыңғы оқу жылы университет үшін табысты да сәтті жыл болды. Білім беру сапасын Қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық агенттігі өткізген 2016 жылғы рейтингісі бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і Қазақстанның техникалық жоғарғы оқу орындарының арасында 4 орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғарғы орынға көтерілді.  

Рейтинг біздің университет үшін сапа мониторингісін анықтауда маңызды тәуелсіз құрал болып табылады, сонымен қатар, басқа да техникалық университеттер арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік бере отырып, білім беру нарығында маркетингтік шараларды жүзеге асыруға көмектеседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов университет қабырғасында Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары және ғылыми ұйымдардың ғылыми-зерттеулерді әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Құрметті бірінші курс студенттері! Қазақстанның жетекші университеттерінің  біріне оқуға түсіп, өмірлеріңде алғашқы және ең маңызды таңдау жасап отырсыңдар. Біздің университетте алған білімдерің табысты мансаптан басқа Қазақстанның лайықты болашағына таптырмас  үлес қосатынына сеніміміз мол.

Қадірлі оқытушылар, студенттер! Жаңа шыңдарды бағындыру жолында сіздерге табандылық пен шығармашылық табыс тілеймін.  

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі