Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарманың кезекті отырысы өткізіліп, оның барысында университеттің стратегиялық дамуы, білім беру үдерісінің сапасын арттыру және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін көтеру мәселелері қаралды.

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Аноп Д. университеттің QS халықаралық рейтингтеріндегі көрсеткіштерінің динамикасы туралы есеп ұсынды. Карьера орталығының жетекшісі Трофименко С. және маркетолог Пашков М. университет бренді мен беделін ілгерілету, ақпараттық сүйемелдеу және оның жаһандық білім беру кеңістігіндегі танымалдығын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Басқарма мүшесі – ғылыми-зерттеу жөніндегі проректор Қоңырбаева Ж. қызметкерлердің жарияланымдық белсенділігі мен дәйексөз алу деңгейінің ағымдағы жағдайына қатысты аналитикалық материалдар ұсынып, ғылыми көрсеткіштерді одан әрі жақсартуға бағытталған шаралар кешенін таныстырды.

Мектеп декандары кәсіби бағдар жұмысының орындалу барысы, қала және өңір мектептерімен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың тиімділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат берді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, құрылымдық бөлімшелердің алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.