28–29 қарашада Берлинде маңызды халықаралық шара - Германия астанасының көне университеті А.Гумбольт атындағы университеттің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы немістер: тарих кезеңдері» ғылыми симпозиумы өтті. Шақырылғандардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Digital Social Research» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Нелли Краснобаева болды. Бұл 1940–1950 жылдардағы қуғын-сүргін кезеңіндегі немістердің қайғылы тағдырларын зерттеу мәселелеріндегі оның еңбегін мойындау.

Н. Краснобаеваның «ХХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы депортацияланған немістер: құжаттар мен естеліктердегі тарих» атты баяндамасы уақыт ағымында жоғалған есімдерді ашып қана қоймай, тарихтың осы күрделі беті туралы жаңа құжаттар мен айғақтарды ғылыми айналымға енгізеді. Бірақ, ғалымдардың жұмысы тек осы кезеңмен ғана шектелмейді: Қазақстандағы немістердің тарихы мен замандастығы - бұл өткенге ғана емес, болашаққа да жалғасатын көп қырлы үдерістер.

Симпозиум Германия мен Қазақстан ғалымдарының кездесу орнына айналды, атқарылған бірлескен жұмыстардың ауқымды көлеміне тоқталып, халықаралық серіктестіктің келешегін айқындады.

«DSR» ХҒЗО