«EKTU Educational Academy» Инженерлік желілік мектебінің жетекшісі — Крыкпаева Аклима Абенова
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде талантты оқушыларды анықтауға бағытталған «Жас талап–KZ» облыстық олимпиадасы табысты аяқталды. Бұл ауқымды шара өңірдің 9, 10 және 11-сынып оқушыларын біріктіріп, математика, физика, информатика, химия, география, бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Осы оқу жылында Олимпиаданың форматына өзгерістер енгізілді. Дайындық уақытын оңтайландыру мақсатында мынадай жаңартулар жүзеге асырылды:
- «“Жас Талап–KZ” көшбасшысы» мектеп оқушыларына арналған олимпиада ережесі (П КЕАҚ «ШҚТУ» 067-III-2025) қайта қаралып, жаңартылды.
- Пәндер тізіміне химия және география қосылды.
- Барлық бағыттар бойынша жаңартылған сұрақтар базасы дайындалды.
Өткізу кезеңдері
Олимпиада екі турдан тұрды:
- Онлайн кезең (2025 ж. 22–23 қараша) — іріктеу туры. Тіркелген 700 қатысушының ішінен 315 оқушы екінші турға өтті.
- Очный кезең (2025 ж. 4 желтоқсан) — финалдық тур, ШҚТУ базасында өткізілді.
Жеңімпаздар мен марапаттар
Финалдық турдың нәтижесі бойынша:
- 9–10-сынып оқушылары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды;
- барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды;
- 11-сынып жеңімпаздары арасында ШҚТУ-да оқу ақының бірінші жылына 25% және 50% жеңілдіктер ойнатылды — бұл сертификаттарды 8 оқушы алды.
Ең үздік нәтиже көрсеткен 11-сынып оқушылары ШҚТУ Ректорының толық оқу кезеңіне берілетін Грантының иегері атанды:
- Әділбек Нұрбақыт Мұхтарұлы — химия
(Назарбаев Зияткерлік мектебі, жаратылыстану-математикалық бағыт, Өскемен қ.) - Жұмағазы Әдия Азаматқызы — информатика
(ҚММ «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей», Өскемен қ.) - Қалимолдина Еңлік Берікқызы — география
(ҚММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей», Өскемен қ.) - Емельянова Елизавета Алексеевна — бейнелеу өнері және сызу
(ҚММ «№24 орта мектеп», Өскемен қ.)
«Жас талап–KZ» олимпиадасы тағы да өз маңыздылығын дәлелдеп, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және облыс мектептері мен ШҚТУ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты.







