Өткен ғасырдың ең сұрапыл оқиғаларының бірі - Ұлы Отан соғысы. Бұл шайқасқа қазақ елінің нардай азаматтары да қатысып, қазақ аналары тылда жұмыс істеді. Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгені айтпаса да түсінікті. Ұлы мерекенің қарсаңында көп жылдық дәстүрді сақтай отырып, студенттердің, басшылықтың, барлық қызметкерлердің атынан Быкова Зоя Михайловнаны мерекемен құттықтады!

Тілек білдірушілердің қатарында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, ШҚТУ жоғарғы IT колледжі, "Үміт" еріктілер ұйымы, сондай-ақ Өскемен қаласының еріктілері табылды. Зоя Михайловна соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Студенттер мерекемен құттықтап қана қоймай, сыйлықтарын табыстады.

Бұл белсенді жастардың ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуі бірінші рет емес. Еріктілер қозғалысы аясында олар қарт адамдарға үнемі келіп тұрады, оларды мерекелерімен құттықтайды, үй шаруашылығына көмектеседі.

Сонымен қатар, университет қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне жеке барып, оларға қаржылай көмек көрсетті.

Үлкенге ізет көрсеткен дана халқымыз «Қариясы бардың - қазынасы бар» деген қанатты сөз қалдырған. Бұл - үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән қасиет.

  Барлық фото