«Global Nomads Awards 2024» жас креаторлар байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл жоба - мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы креативті индустриялардың дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ететін Орталық Азиядан келген жас және келешегі зор креаторларды анықтап, қолдайтын платформа. Жобаны ұйымдастырушылар - Орталық Азиядағы «Creative & Innovation Institute» Қоғамдық Тұрақты Даму Қоры және Global Nomads компаниясы.
«Global Nomads Awards 2024 жас креаторлар байқауы» жобасы бірнеше номинацияларға ие, олардың арасында «Болашақ Олимпиада чемпиондарының формасы», «Nomade Couture», «Inspired by Nature» және «Digital Nomad» бар.
Жобаға қатысу тегін, жүлде қоры - 2000 Еуро. Әр номинация бойынша жеңімпаз сатудан үлесін ала отырып, Global Nomads қазақстандық киім брендімен бірлескен коллекция құрып, шығара алады.
Сіз сілтеме бойынша ресми сайтта өтініш бере аласыз: https://globalnomadsawards.kz
Конкурс туралы қосымша ақпарат тіркелген құжаттардан алуға болады.