Бірлесіп өмір сыйлайық
Қан доноры - өмірлік маңызы бар, әр адамға қолжетімді қайырымдылық түрі. Әлемде әрбір 3 секунд сайын біреуге қан қажет болып тұрады. Ал не бары 450 миллилитр қан (бір процедура барысында берілетін қан көлемі) үш адамның өмірін аман алып қалады.
Қан тапсырып, сіздің көмегіңізге зәру адамдардың өмірін құтқаруға ат салысайық.
Қан тапсыру 26-27 қазан күндері, ШҚТУ бас корпусының бірінші қабатындағы холлда, 9:00-ден 13:00-ге дейін ұйымдастырылады.