Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және «Еркін сөз» дебат клубының ұйымдастыруымен «SHANYRAQ CUP» оқушылар мен студенттер арасындағы қалалық пікірсайыс турниры өтті. Турнирге әртүрлі білім ордаларынан тіркеліп, 16 фракция қатысты.
Қатысушылар турнир барысында қазіргі таңдағы өзекті тақырыптар бойынша пікір алмастырып, қызықты әрі нәтижелі ойындар көрсетті. Барлығымыз білетіндей, дебат - ойды жүйелі түрде жеткізуге, қарсы көзқарасты тыңдап, оған уәж айтуға негізделген зияткерлік сайыс. Ол – жастарды шешендікке, сын тұрғысынан ойлауға, мәдениетті сөйлеуге баулитын тәрбие мен білімнің тоғысқан алаңы. Турнир барысында жастарымыз тек қана жарысып қана қоймай ораторлық қасиеттерін, сыни ойлау үдерістерін жақсартты.
Турнир нәтижесі бойынша қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, дипломдар және кубоктармен марапатталды.
Осындай мүмкіндік пен қолдау білдіріп отырғаны үшін университетіміздің ректоры және білім ордамызға “Еркін сөз” дебат клубы өз алғыстарын айтады.