Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының презентациясы өтті.

 «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының аясында оқушыларға ғылымның қызықты әлемі – инновациялар, зерттеулер және шексіз мүмкіндіктер ашылып көрсетілді. Бұл іс-шара апталық ғылыми марафонның жарқын бастамасына айналды, әрбір қатысушы интеллектуалды шабыт ортасына еніп, ғылым мен технологиялардың кереметтерімен танысты.

Студенттерге, магистранттағар, докторанттарға, Жас ғалымдарға, профессорлық-оқытушылық құрамға, қонақтарға ғылыми апта бағдарламасы егжей-тегжейлі таныстырылып, оның негізгі миссиясы атап көрсетілді: теория мен тәжірибені біріктіретін көпір ретінде, ұрпақтар арасындағы диалогтың платформасы ретінде, болашаққа ашылатын терезе ретінде.

Бағдарламаның негізгі іс-шараларына ерекше назар аударылды:

  • Сергей Викторович Плотниковты еске алуға арналған XVI-шы Халықаралық «Қатты дене физикасы» ғылыми конференциясы;
  • «Қазақстан ғылымында жас ғалымдардың рөлі» тақырыбындағы«AMANAT» партиясының  Әйелдер қанаты өкілдерімен дөңгелек үстел;
  • Oskemen hub-мен бірге ұйымдастырылған Beat Saber чемпионаты;
  • Борис Александрович Дьячковтың 90 жылдық мерейтойына арналған Геологтар күні;
  • академик Қаныш Сәтбаевты еске алуға арналған «Жер ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер: теория мен тәжірибені біріктіру» тақырыбындағы өндіріс мамандарымен дөңгелек үстел;
  • Жеңіс Оразханұлы Кұлсеиітовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуы» атты XI-ші Халықаралық ғылыми-техникалық студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар конференциясы.

Презентация барысында университет профессорлары Ж.О. Құлсеиітов пен С.В. Плотниковқа арналған бейне роликтер көрсетілді. Университет мұрағаттарынан алынған кадрлар, ғалымдармен сұхбаттар және заманауи зертханалардың бейнелері ғылымның армандарды шындыққа айналдыратын тарихын біріктіріп, тыңдаушылардың жүрегіне жол тапты.

Бұл күн студенттер, магистранттар, докторанттар, Жас ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрамы және қонақтар үшін жай ғана бағдарламамен танысу емес, сонымен қатар «Ғылым – бұл үнсіз кабинеттер мен тақтадағы формулалар емес. Бұл – прогресті қозғайтын энергия, ал біз – оның жетекшілеріміз» деген сезімді туғызған сәт болды.

Ғылым апталығының бағдарламасымен www.ektu.kz сайтында танысуға болады