Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Түркістан облысынан «Серпін - 2050 мәңгілік ел жастары- индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ШҚТУ-ға оқуға түскен студент жастармен кездесті.
Кездесу барысында делегация Лу Бань шеберханасына, ШҚТУ-дың құзыретті ғылыми орталықтарына және Қазақстан-неміс институтына экскурсия жасады, №3 студенттер үйінде тұратын студенттердің жағдайымен танысты. Сонымен қатар студенттерге медициналық көмек көрсететін орталықты, психологиялық жеңілдету бөлмесін, кітапхана, оқу залдарын көріп, сондағы мамандармен сұхбаттасты.
Дөңгелек үстелде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Ернар Нұралыұлы оңтүстік өңірден оқуға түскен студенттермен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы Бимаханбетов Дінислам Нартайұлы, Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ошантаев Нұркен Махамбетұлы, Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мусабеков Мейіржан Пердебекович, Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Серік Данияр Батырханұлы Түркістан облысының аудандарынан түскен жастармен әңгімелесті.
Кездесу кезінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А. Машекенова университеттің білім беру, ғылыми зерттеулер және жастармен жұмыс істеу саласындағы жетістіктерімен, ал Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы А. Акаев студенттерді жұмыспен қамту, Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің жастармен жұмыс жөніндегі менеджері Кеңесжан Мерлат «Казцинк» серіктес компаниясының ШҚТУ студенттеріне атаулы шәкіртақысын тағайындау, бітірген жас маманды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып өтті.
Кездесу соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.