Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төраға-ректоры Сәуле Рахметуллина, машина жасау мектебінің деканы Анатолий Вахгельт, «Прототиптеу және материалдарды өңдеу» ғылыми-өндірістік кешенінің ғылыми қызметкері Азаматов Бағдат Нұрланұлы мерейтойлы форумға қатысты.

Сәуле Жәдігерқызы өз баяндамасында инженерлік кадрларды сапалы дайындау және мамандармен өзара әріптестік құруды қамтамасыз ету сұрақтарының маңызды тұстарына тоқталып өтті.

Кәсіпорындармен ынтымақтастықтың нәтижесінде, түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші 96 %-ға артты.

Айта кету керек, ШҚТУ инженерлері MIT-мен анықталған кәсіби талаптар бойынша дайындалады. Университет MIT стандарттарын үш жыл бойы жүйелі түрде енгізіп келеді және 2022 жылдың қазан айында халықаралық CDIO бастамасының Қазақстан мен Орта Азия университеттері арасындағы алғашқы мүшесі болмақ.

Форумға білім, машина жасау және өзге де салалардан келген өкілдер қатысты.

Іс шара барысында Қазақстан машина жасаушыларын сақтау, оларды дайындау және дамыту мәселелері, адами капиталды күшейту сұрақтары талқыланды.