Өмірлік жағдайлар, қиындықтар мен қауіп-қатер ешкімнің басынан айналып өтпек емес.
Ересек өмірге енді араласқан студенттер қауымы да бұл қауіп қатерден сақтандырылмаған.
Іс насырға шапқан сәтте біз әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Осыған орай келесі жағдайларға кепілдік беріледі:
- Анонимділік - Өзіңіз туралы қиын жағдайды айтуыңызға болады және өзіңіздің есіміңізді атамауға құқығыңыз бар.
- Құпиялылық - Біз телефон арқылы сөйлесуді жазбаймыз, сақтамаймыз. Кеңесшіге телефон арқылы айтқан жағдайлар, кеңесші мен қоңырау шалған адам арасында қалатынына кепілдік береміз.
- Құрмет - Сізді алаңдататын нәрсе кеңесшімен әңгімелесу сәтінде, кеңесшігеде өте маңызды. Біз әрбір өтінішке мұқият назар аударып, көмек көрсетуге тырысамыз.