Қан тапсыру - көптеген адамдар үшін өте маңызды және қол жетімді қайырымдылықтың бір түрі. Донордан алынатын қанның стандартты мөлшері - 450 мл. Әр үш секунд сайын әлемде біреу сау қанға мұқтаж және тек 450 миллилитр қан үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Донорлық 10-11 қазанда сағат 9:00-ден 13:30-ға дейін ШҚТУ-дың бас корпусының бірінші қабатындағы залда өтеді.
Барлық ниет білдірушілер акцияға қатыса алады. Кәмелеттік жасқа толған, дені сау, салмағы кемінде 50 кг, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ Қазақстанның кез келген азаматы донор бола алады. Қан тапсырар алдында жақсы тамақтанып, жеткілікті мөлшерде су ішу керек.
Сондай-ақ, өзіңіздің жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз.
Акцияға қатысып, игі істің бір бөлігі болыңыз! Сіздің қаныңыз мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.