Бүгін Басқарма төрағасы - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының қатысуымен ректораттың кезекті отырысы өтті.
Жиналыста жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдарды оқу үдерісіне тарту мәселелері, университеттің білім беру бағдарламаларының өзектілігі - соңғы 3 оқу жылындағы білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау және іске асыру қорытындылары бойынша ББ-ны ҚР ББ тізімінен алып тастау бойынша ұсыныстар, жоғары it колледжінің білім беру бағдарламаларының өзектілігі және "EKTU Educational Academy"желілік инженерлік мектебінің қызметі талқыланды.
Сондай-ақ, ректорат қатысушылары сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды, университетті дамыту және алға жылжыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.