Кітапханада студенттерге, магистранттар мен оқытушыларға арналған «Энергия» кафедрасының күні өткізілді. Студенттер кафедра пәндері бойынша кітаптар мен журналдармен танысты: электр қуаты, жылу қуаты, бу қазандық қондырғылары және жылу электр станциялары. Кітапхана қызметкерлері кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктері туралы, университет пайдаланушыларына қол жетімді электрондық ресурстар туралы айтып берді. Кафедра күніне орай сайттың кітапхана бетінде әдебиет индексі жасалынғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, осы күні Зырян ауданындағы мектеп оқушылары үшін кітапхана есіктері ашылды, мұнда кітапхананың сирек қорлары мен электронды ресурстары жинағы таныстырылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі