Мансап күні аясында университетіміздің студенттері «Казцинк» ЖШС, «Үлбі-ТВС» ЖШС, «Шығысцветмет» ЖШС және «1С-Рейтинг» ЖШС сияқты жетекші кәсіпорындарға барып қайтты. Бұл іс-шара студенттерге нақты жұмыс ортасымен танысуға, мамандармен тілдесуге және қазіргі еңбек нарығының талаптарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

«Казцинк» ЖШС

Металлургия, Тау-кен ісі, Есептеу техникасы және математикалық және компьютерлік модельдеу бағыттарының студенттері кәсіпорынға бару барысында алғашқы еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өткеннен кейін еліміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың бірі – цехтардың бірін аралауға мүмкіндік алды. Оларға технологиялық үдерістер, еңбек қорғау жүйесі және мансаптық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. «Казцинк» ЖШС профильдік мамандықтарда оқитын студенттерді әрдайым қуана қарсы алып, кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

«Үлбі-ТВС» ЖШС

Кәсіпорынды Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды инновациялық басқару мамандықтарының студенттері аралап шықты. Экскурсия барысында олар өндірістік алаңмен танысып, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология саласындағы жоғары стандарттармен танысты.

«Шығысцветмет» ЖШС

Пайдалы қазбаларды байыту мамандығының студенттері Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылында орналасқан Николаев кенішіне барды. Олар кен өндіру мен өңдеу үдерістерін өз көздерімен көріп, заманауи технологиялармен танысып, мамандарға сұрақтарын қойды.

«1С-Рейтинг» ЖШС

Болашақ IT-мамандар — Есептеу техникасы және Ақпараттық жүйелер бағыттарының студенттері компанияның ішкі құрылымы, негізгі қызмет бағыттары және мансаптық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар — Анна Белова (персоналды басқару тобының жетекшісі) және Анастасия Андриевская (білім беру мекемелерімен жұмыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі менеджер) — видеоэкскурсия форматында өз бөлімдерінің қызметі туралы баяндап, студенттің 1С: Франчайзи жүйесіне қалай қосыла алатынын түсіндірді. Автоматтандыру саласындағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды. 1С-Рейтинг компаниясына сапар барысында командалық ойын өткізілді. Бұл ойын барысында студенттер IT-жобалардағы түрлі рөлдермен танысты: аналитик, бағдарламашы, тестілеуші, кеңесші, жоба менеджері. Бұл тәжірибе командалық жұмыстың маңыздылығын және жобаларды табысты жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды жақсырақ түсінуге көмектесті.

Әр экскурсияға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері бекітілді. Бұл ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгей мен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Мұндай экскурсиялар — болашақ мамандыққа жасалған нақты қадам.

Студенттер кәсіби ортада өзін қалай сезінетінін, өндірістегі нақты міндеттерді көріп, болашақ мансабын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік алды.