Ағымдағы жылдың 11 мамыры күні «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары студенттермен дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің мақсаты, студенттерге радикалдық діни идеологияның таралу қаупі, жат дін мен хақ діннің ара жігін ажыратуға бағытталған, деструктивті діннің жетегінде кетіп адасқан, террористік топтың құрбандарының өмірлеріне қатысты ресми деректерден мысалдар келтірілді. Радикалдық діни идеологияға тартатын әдістер мен тәсілдердің түрлері және солардың бірі ғаламтор желілері арқылы жүргізілетін үгіт-насихаттар екендігі туралы ақпараттар берілді.

Сөз соңында, студенттерге діни білімді ғаламтордан іздемей, қажет болған жағдайда ақпартты дін саласындағы мамандардан алуға кеңес берілді, сондай ақ, сенім телефонына хабарласуға болатындығын айтты.

Жиынға 1-2 курс студенттері қатысып, дін мәселесіне қатысты сұрақтарға жауаптар ала алды. Кездесу соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылды.

Іс-шараны әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.