"Технологиялық кәсіпкерлік" бірегей магистрлік бағдарлама өнеркәсіптік бизнес және тұрақты даму саласындағы әлеуетті арттыруға бағытталған.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Еуропалық Одақпен "Erasmus+" халықаралық бағдарламасы аясында әзірленген" Технологиялық кәсіпкерлік" магистрлік бағдарламасын табысты іске асыруда. Жобаға қатысушылар: University of Santiago de Compostela, «AYeconomics» зерттеу орталығы(Испания), Тәжікстан технологиялық университеті, Тәжік мемлекеттік коммерция университеті және" Фановар" технопаркі (Тәжікстан), University of Naples Federico II (Италия), University of Ljubljana (Словения).

Бизнес идея болса, өзіңізді кәсіпкер ретінде жүзеге асырғыңыз келсе, сатып алушыға не қажет екенін білсеңіз, бірақ мұның бәрін қалай жүзеге асыруды білмесеңіз, бізге келіңіз! 15 мамырда біздің "Workshop-Ойлап табушы" 2023 жобамызға келіңіз.

Еуропа және Азия жоғары оқу орындарының профессорларымен шеберлік сағатына қатысасыз. Бірге жоба құрайсыз және нарықта жоқ өнімді жасаңыз!

Серіктес университеттердің жетекші профессорларымен таныса аласыз:

  • María Dolores Tuñas Riveiro - University of Santiago de Compostela
  • Pedro María Rey Araujo - University of Santiago de Compostela
  • Abdurasul Sattorov - Technological University of Tajikistan
  • Ilhomjon Qalandarov - Technological University of Tajikistan
  • Qobil Tolibov - Tajik State University of Tajikistan
  • Gulnora Hisorieva - Tajik State University of Tajikistan

Бізге келіңіз 15 мамыр 2023 ж., 14.00 ВГТУ колонна залы!

Кәсіпкерлік шеберлігіңіз туралы көбірек біліңіз! Еуропа және Азия университеттерінің үздік ғалымдарымен танысыңыз.