Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ 3-4 курс студенттеріне арналған «ОТБАСЫ - жүйе ретінде» практикалық психология курсы басталды.
«Отбасы - жүйе ретінде» курсы отбасын құруға дайындалып жатқан адамдарға өз пайдасын тигізеді.
Курс бағдарламасы екі тақырыптан тұрады: "Үйлесімді отбасы қандай заңдар бойынша өмір сүреді", "Отбасының жүйе ретіндегі негізгі ерекшеліктері".
КУРСТЫҢ ПАЙДАСЫ
Студенттер қазіргі заманғы отбасының ерекшеліктері мен функциялары, отбасылық рөлдер және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы ақпараттармен танысады.