Сізді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымының атынан ШҚО құрылыс, энегетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз! Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласын дамыту мен жетілдіру ісіне аянбай еңбек етіп келесіз. Байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!