Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған жастарды, кәсібін енді бастап келе жатқан бизнесмендерді Жас кәсіпкерлер мектебінің IX ашылу кезеңіне және алғашқы лекциясына шақырамыз.
Бүгінгі тренинг тақырыбы: «Кәсіпкерлік қызметінің негізі».

Алаңда талқыланады: жеке бизнестің қыр-сыры, бастапқы капитал түрлері, бизнесті несиелеу, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламалары.

Спикер: Жас кәсіпкерлік мектебінің профильді оқытушысы, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері - Сәуле Қайырбекқызы Садықова.

Естеріңізге саламыз: Дәрістер әр бейсенбі күні 16:30-да, Г-1-101 (ғылыми кеңес) залында өткізіледі.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19. Бас корпус, 1 қабат.

Барлығын «Ангар» алаңына шақырамыз!