2022 жылы 13 қазанда Республика күні аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант байқауы өткізілді. Байқау мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, ел тарихына, шағын Отанына құрметпен қарауға тәрбиелеу; патриоттық сана мен азаматтықты қалыптастыру; қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына қызығушылық; қазақ және орыс тілдерін меңгеру және түсіну арқылы оқушылардың ішкі дүниесін байыту, жалпы дүниетанымын дамыту; сабақта алған білім қорын толықтыру, алған білімдерін бекіту және белсендіру.
Бұл шараға 1-курс студенттері қатысты. Диктант екі тілде өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 22-БФ-1 тобының студенті Сәрсенбай Ақнұр Нұрболатқызы (жетекшісі Байбатанова Ф.И.) 1-дәрежелі Дипломға лайық деп танылды.
- II дәрежелі диплом – Дарханқызы Гүлжан, 22-ГФМК-1 тобының студенті (жетекшісі Ережепова С.Қ.).
- II дәрежелі диплом – Айдарканов Алижан, 22-ССК-1 тобының студенті (жетекшісі Асавбаева Г.Б.).
- III дәрежелі диплом – Арманқызы Инабат, 22-РТК-1 тобының студенті (жетекшісі Әділбаева Ж.Д.).
- III дәрежелі диплом – Арқабекова Жарқын, 22-АРК-1 тобының студенті (жетекшісі Ережепова С.Қ.).
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, атаулы Дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Байқау жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Осындай байқауды өткізу студенттердің патриоттық рухын көтеруде үлкен рөл атқарады.
Байқауды ұйымдастырушылар гуманитарлық білім беру факультеті.