Баршаңызды 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаздың бірінші күніне келетін мерекені бүкіл әлемде атап өтеді. Қай халықтың болмасын елдігін, салт санасын, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпақ өкілдері. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі. Қазіргі таңдар елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалуда.
Балаға ең алдымен тәрбие беретін ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін білім ордалары және өскен ортасы. Сол себепті оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру - баршамыздың қасиетті парызымыз. Бала тәрбиесінде ата-ананың орны бөлек болса, оның білім алып, жан-жақты дамуына үлес қосатын оқу орындарының, мұғалімдер мен тәлімгерлердің де еңбегі зор.
Шығыс Қазақстан техникалық университеті - тек сапалы білім мен ғылым ордасы ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарайтын, әлеуметтік әрі рухани құндылықтарды дәріптейтін ұжым. Біз жас ұрпақтың ой-өрісі кең, рухы биік, талантты да білімді азамат болып қалыптасуына барынша жағдай жасауға әрдайым дайынбыз.
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де таланттыұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік.
Елімізді дамытатын келешектің кемеңгері болыңдар!
Құрметпен,
Басқарма төрағасы - ректор
Сәуле Рахметуллина