Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғарғы IT колледжінде Рәміздер күні аясында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» мерекелік шарасы өтті. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Жоғарғы IT колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабиева Ж.К. Есеп және аудид пәні мұғалімі Дюсебаева И.С. ұйымдастыруымен өткен іс-шараның негізгі мақсаты студенттерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға, елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату.