Өтіп бара жатқан 2023 жыл біз үшін түрлі іс-шараларға толы болды! Ең басты қуаныш – біздің ШҚТУ-дың 65 жылдық мерейтойы. Оқу орыны елдің инновациялық дамуы үшін кадрлар даярлау барысында ерен еңбек етуде.

Біздің университет өзінің әлемдік деңгейдегі, инженерлік білім берудің және жоғары технологиялық зерттеулердің жоғары техникалық мекемесі екенін тағы да дәлелдеді. Әріптестерімізбен бірлесіп, отандық және шетелдік көптеген жобалар бойынша жұмысымызды жалғастырып келеміз. Біз Орталық Азиядағы CDIO бастамасына қабылданған алғашқы ЖОО болдық, ал ШҚТУ қызметкерлері командасы халықаралық стандарттарға негізделген техникалық білім берудің ұлттық моделін әзірлеуде. Біз қазақстандық жоғары оқу орындарымен, сондай – ақ халықаралық - Ресей, неміс, венгр, поляк және Қытаймен ынтымақтастықты жалғастырдық. ШҚТУ QS әлемдік рейтингінде төрт жұлдызға ие болды, Green metric әлемдік рейтингі қатарында және The Impact рейтингінде жоғары бағаланды.

Біз барлығымыз білім, ғылым және индустрияны біріктіру және байланыстыру арқылы жоғары технологиялық болашақты бірге құрамыз.

Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Биылғы жыл да нәтижелі болып, табыс пен жетістіктерді, жақсылық пен бақытты арттыра берсін. Келесі жыл кәсіби дамудың трамплині болсын, жаңа мүмкіндіктер жылы болуына тілектеспін!

Баршамызға табыс тілеймін,
Ізгі тілекпен,
Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина