Өмірінің жарты ғасырын студенттерге білім беруге арнаған университетіміздің ардагер оқытушыларының бірі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қрыкпаев Мырзахан Құрмашұлы бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Ол 1949 жылы ақпан айында дүниеге келіп, мектепті тәмамдаған соң еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Философия және экономика» факультетінде білім алған еді. 1972 жылы философия мамандығы бойынша диплом алған күннен бастап өмірінің соңына дейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасында адал еңбек етті.

Әр жылдары университетіміздің құрылыс факультеті деканының орынбасары, гуманитарлық білім беру орталығының директоры, қазақ тілінде білім беру факультетінің (ФсКЯО) деканы қызметтерін атқарды.

Шәкірттері мен әріптестерінің ортасында өте беделді, адал, шыншыл принципшіл қасиеттерімен ерекшеленуші еді. Мырзахан Құрмашұлының жарқын бейнесі әрқашан жадымызда сақталады.