Бүгін қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ШҚТУ-да кезектен тыс онлайн- ғылыми кеңес өтті.
"Абай өз шығармаларында халықтың құдіретті рухани күшін, оның ең асыл қасиеттерін айқын көрсетті. Абай көтерген тақырыптар бүгінгі күні де өзекті, өйткені оның ой-өрісінің орталығы әрқашан адам болған", - деп атап өтті ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.
Ғылыми кеңестің қатысушылары онлайн-режимде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеудің аралық қорытындыларын шығарып, ақынның мұрасына байланысты жақын арадағы жобаларды талқылады.
Университетте мерейтойлық жыл Азиялық университеттер қауымдастығы мен Үлкен Алтайдың жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің ынтымақтастығы аясында Алтай өлкесінің серіктес жоғары оқу орындарында көрме ұйымдастырудан бастау алды. Сонымен қатар, ШҚТУ ойшылдың гуманистік принциптеріне негізделген облыс жастарының әлеуметтік құзыреттілік моделін жасауға бастама көтерді. Жоба "АДАМ БОЛ" деп аталады. Бұдан бөлек, "Абай және XXI ғасыр" оқу курсы Жоғары оқу орнының студенттері үшін әзірленді. Оның мазмұнына Абайдың тарихи дәуірі мен оның еңбектерін зерттеу кіреді. Маусым айында ЖОО-да белгілі абайтанушы Ғарифолла Есім мен ҚР Халық әртісі, профессор Шахмардан Әбіловтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
ШҚТУ қызметкерлері Руслан Четтыкбаев пен Андрей Охотенко Абайдың отанында болып, 3D форматында ақынның өмірі мен шығармашылығының көрнекті орындарының бейнематериалдарын түсірді.
Қазақ халқының ұлы перзенті туралы белгілі жазушы Шыңғыс Айтматов "Өз халқының зияткерлік, адамгершілік және рухани мәдениетінің бейнесі ретінде Абай, сөзсіз, әлемдік тәртіптің ұлттық жетістігі болып табылады" деп жазған.
Баршаңызды ұлы Абайдың мерейтойымен құттықтаймыз!