Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Павлодар Педагогикалық университетінің басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор О. К. Андрющенко бастаған бір топ делегация келді.
Павлодардан келген қонақтарды ШҚТУ-дың бірінші проректоры С.Ж. Рахметуллина қарсы алды. Кейін университетті таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Әріптестер Шығыс Қазақстан техникалық университетінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Алдымен, химия лабораториясын, физика орталығын аралап, кейін энергетика, су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттілік орталықтар жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Материалдарды прототиптеу және өңдеу» ғылыми-өндірістік кешеніне барды. Бұл жерде павлодарлықтарға ЖОО-да жүзеге асырылған ғылыми жобалардың нәтижелері туралы ақпарат берілді. Павлодар Педагогикалық университеті делегациясы ШҚТУ-да бертін ашылған фитнес зал, жөндеуден өткен ғылыми кітапхана, әдеби залға барды. «Алтын Алтай» мұражайында болып, металлургия саласының тарихына терең үңілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ШҚТУ мен ППУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.