Үшінші жыл қатарынан «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жасап келеді. Үш блокқа кіретін 17 критерий негізінде: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламасының сапасы, оқушылардың жетістіктері бағаланады.

Рейтингте ШҚТУ-дың 26 білім беру бағдарламасы енді. Ел бойынша ТОП-5 - ке 16-сы, ал үздік үштікке 10-ы кірді. Бұл «Геология және пайдалы қазбалар», «Металлургия», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Машина жасау», «Сәулет». «Техникалық физика», «Электр энергетикасы» ББ өз позицияларын жақсартты. Өткен жылы рейтингке қатыспаған «Жерге орналастыру», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Пайдалы қазбаларды байыту» үш бағдарламасы көшбасшылар қатарына кірді.

ШҚТУ бағдарламалары инженерлік-техникалық бейіндегі мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарын ұсынады. Ең жоғары орташа жалақыны «Металлургия» ББ түлектері алады-176789 теңге. «Ақпараттық жүйелер» ББ түлектері жұмысты небәрі 1,6 ай тауып алады екен. Бұл еңбек нарығында мамандардың жоғары қажеттілігін көрсетеді.

«Металлургия» және «Көлік құрылысы» екі ББ жұмысқа орналасудың жоғары деңгейін көрсетеді. Көшбасшылар қатарында үш ББ: «Металлургия», «Машина жасау», «Техникалық физика».

Жалпы, «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижелері университеттің бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді даярлайтынын, жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының сұраныстарына жауап беретінін көрсетеді.