Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Жастар шығармашылығы-Қазақстанның инновациялық дамуы» тақырыбында студенттердің, магистранттардың және ғылыми қызметкерлердің VIІІ Халықаралық ғылыми - техникалық конференциясы өтеді. Іс-шара бірінші және екінші ректорлардың 100 жылдығына арналады.

Конференция пленарлық (конференцияның ашылуы, негізгі баяндамалар), секциялық (конференцияға қатысушылардың сөйлеген сөздері), қорытынды отырыстардан, сондай-ақ дөңгелек үстелден тұрады.

Іс-шара келесі секциялар бойынша өтеді:

  • Машина жасаудағы заманауи ғылыми үрдістер, бірінші ректор Серікбаев Д. М. еске алу
  • Сәулет және құрылыстағы дәстүрлер, сабақтастық және инновациялар, екінші ректор А. К. Сидоровты еске алу.
  • Жер туралы ғылымдар, ҚР ҰҒА академигі, профессор Б. А. Дьячковты еске алу
  • Білім, ғылым және техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ИКТ)
  • Энергетика, энергия үнемдеу және материалтану
  • Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық-басқарушылық мәселелері
  • Инновациялық үдерістерді дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен шет тілдерінің рөлі
  • Әскери ғылым және дене шынықтыру
  • Техносфералық қауіпсіздік және тұрақты даму
  • Металлургия мен пайдалы қазбаларды байытудың өзекті мәселелері.
  • Қатысушылар үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатыса алады.

Конференцияның негізгі күндері:

  • конференцияға қатысушыларды тіркеу - 2022 жылдың 01 ақпанынан басталады
  • конференция материалдарын қабылдау - 2022 жылдың 01 ақпанынан бастау алады
  • конференция материалдарын қабылдауды аяқтау - 2022 жылғы 1 наурызға дейін
  • ұйымдастыру жарнасын төлеу - 2022 жылғы 1 сәуірге дейін
  • конференцияны өткізу - 2022 жылғы 7-8 сәуір-ге дейін жалғасады.

Баяндаманы конференция бағдарламасына енгізу үшін конференция сайтына қатысуға өтінім жіберу қажет, тіркеу үшін сілтеме - https://do.ektu.kz/studconf7 арқылы өтіңіз.