Онлайн форматта өткен кеңеске университет ректоры Жасұлан Шаймарданов және проректорлар мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

Ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисова «Зерттеу және инновациялық стратегияны іске асыру туралы» баяндама жасады. Онда кадрлық әлеует, яғни оқытушылар мен профессорлардың атқарып жатқан жұмыстары талқыланып, талаптар қойылды. Оның айтуы бойынша, ғылыммен айналысуды кейбір Мектептер жұмысты күшейту керек. Сонымен қатар, халықаралық конференциялар, олимпиада мен конкурстарға қатысып, ғылыми мақалаларды жазуда белсенділік танытуға шақырды.

Жылды қорытындылай келе ғылыми-зерттеу жұмысын сырттай бағалау көрсеткіші бойынша ШҚТУ Webometrics рейтингінде жалпы әлемдік дәрежеде 6915, ал Қазақстан бойынша 14 орынға көтерілді. QS EECA бойынша жалпы әлемдік дәрежеде 190 орыннан 162-ге көтерілсе, еліміз бойынша өз позициясың сақтап қалды. Grin Metrics рейтингіне алғаш рет қатысып мыңға жуық университеттің ішінде 152 орынға табан тіреді. Ал қазақстандық университеттердің арасында бірінші орында.

Ғылыми кеңес барысында 2025 жылға дейінгі инновациялық зерттеу стратегиясының мақсаттары айқындалды.

Жиын соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов әріптестерін келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, білім және ғылым Министрлігі атынан марапаттарды табыстады.